Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері браконьерлік дерегін анықтады

Қостанай облысының полицейлері браконьерлік дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы полиция департаменті қызметкерлерімен Арқалық қалалық прокуратураның үйлестіруімен жасалған патрульдеу барысында 52 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде жүк салғыштан үш қап кесілген болжам бойынша ақбөкеннің еті табылды.

Аталған факті бойынша Арқалық қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тергеу барысында сараптама тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру