Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда есігі ашық қалған үйден телефон ұрлаған азамат ұсталды

Теміртауда есігі ашық қалған үйден телефон ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 54 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ол белгісіз азаматтың телефонын ұрлап кеткенін хабарлады.

Белгілі болғандай, жәбірленуші сыртқа шығарда есікті құлттауды ұмытып кеткен. Сырттан оралғанда, белгісіз біреудің қонақ бөлмесінде тұрған құны 77 мың теңге тұратын телфонын ұрлап кеткенін байқаған. Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы азамат ұсталды. Ол ұрлық жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру