Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері қаза болған әріптестерінің құрметіне футболдан турнир өткізді
Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан әділет прапорщигі Ербол Ержановты еске алу үшін Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №49 мекемесінің қызметкерлері футболдан турнир өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №49 мекеменің ұйымдастыруымен, Алматы облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу орталығының қолдауымен, Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан №71 мекемесінің қызметкері Ербол Ержановты еске алуға арналған футболдан турнир өткізілді.
Салтанатты шара бір минут үнсіздікпен басталды. Турнирге ведомстволық бағынысты мекемелер, сондай-ақ Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті командасы қатысты.
Іс-шараның қадірлі қонақтары қатарында Алматы облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу орталығы директорының орынбасары Сұлтан Шадман және ҚАЖ департаментінің басшылығы болды.
– Ерлікпен қаза тапқан Ербол Ержановтың есімі біздің жадымызда мәңгі қалады. Мұндай іс-шаралар көбінесе батырларды еске алуға арналады, сонымен қатар салауатты өмір салтын ынталандыру және ҚАЖ қызметкерлері арасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың жақсы үлгісі болып саналады, – деді ҚАЖД бастығының орынбасары Жаныбек Қосжанов.
Турнирде бірінші орынды Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті, екінші орынды №10 мекеме және үшінші орынды №12 мекемесінен құралған команда иеленді.
Жеңімпаздарға кубоктар, грамоталар, медальдар және сыйлықтар табыс етілді.