Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері 18 тұрмыстық құқық бұзушылықты жәбірленушілердің мәлімдемесінсіз анықтады

Петропавл полицейлері 18 тұрмыстық құқық бұзушылықты жәбірленушілердің мәлімдемесінсіз анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жанжал шығарды, жұбайына қатысты дөрекі сөз айтқан. Бірге тұратын адамның бетіне соққы берген. Жұбайының ішінен ұрған. Анасына қатысты дөрекі сөздер айтқан. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша полиция хаттамаларынан алынған жалпы тұжырымдар. Петропавлда мұндай құқық бұзушылықтардың орташа есеппен тәулігіне 4-тен 7-ге дейін фактісі тіркеледі. Жыл басынан бері тұрмыстық жанжалдар бойынша сотқа 242 әкімшілік іс жіберілді. Оның 115-і тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Көптеген жағдайда жәбірленушілер өтініш жазудан мүлдем бас тартады. Бұл үйдегі жанжалқойлардың жазасыздық сезімін тудырады және көбінесе жағдайдың нашарлауына әкеліп соғады.

– Бұл тәжірибені тоқтату – 1 шілдеден бастап күшіне енген заңнамадағы өзгерістердің мақсаты. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдатты, бір жыл ішінде қайта татуласу мүмкіндігі болмайды, осындай фактілерді тіркеу жүгіну сипатынан анықтау сипатына көшті. Шілде айының басынан бастап Петропавлда учаскелік инспекторлар пәтерді аралау шеңберінде жәбірленушілердің өтінішінсіз 18 отбасылық жанжалды анықтады. Олар негізінен мас күйінде жасалады. Құқық бұзушыларға ескерту немесе қамауға алу түрінде әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды. Естеріңізге сала кетейік, бұрын жанжал үшін қамауға алу мерзімі 1-ден 5 күнге дейін болған. Ендігі кезекте жаза қатаңдатылды, егер қамауға алу қолданылса, жанжалқорлар үйге 5 күннен кейін ғана оралады, – дейді Петропавл қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.

Тәртіп сақшылары заңнаманы қатаңдату әуесқойларды отбасылық мәселелерді жұдырықпен шешуден бас тартуға ықпал етеді деп сенеді. Сондай-ақ 1 шілдеден бастап облыс орталығының полициясына тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 92 өтініш келіп түсті, жыл басынан бері – 242. Сонымен қатар қаңтар айынан бастап қалада 9 тұрмыстық қылмыс тіркелді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру