Петропавлда жыл басынан бері 35 велосипед ұрлығы тіркелді
Петропавлда жыл басынан бері 35 велосипед ұрлығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ашық кіреберіс, қабырғаға сүйеніп тұрған велосипед — мұндай жайтты көппәтерлі үйлерде жиі көруге болады. Бұл велосипедті ұрлауға жағдай жасайды — жылы мезгілдерде жиі кездесетін қылмыстың түрі. Петропавл полицейлері олардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтті.
25-28 шілде аралығында қалада «Велосипед» акциясы өткізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары көппәтерлі үйлердің тұрғындарымен кездесіп, жадынамалар таратып, өз мүлкін қалай қорғау керектігін түсіндіріп жатыр. Айта кетерлік жайт, көбінесе велосипедтер ұрылардың олжасына айналып жатады, өйткені олар қарапайым ережелерді сақтамайды: велосипедтерді қараусыз қалдырмаңыздар, мүмкіндік болса, оларды пәтерлерде немесе жертөлелерде сақтаңыздар, ұрлыққа қарсы сенімді құрылғыларды қолданыңыздар. Сондай-ақ полицейлер тұрғындарға кіреберістер мен аулаларда бейнебақылауды қолдануға кеңес береді – бұл көптеген қылмыстың алдын алу мен ашудың тиімді құралы саналады.
– Акцияны криминалдық полиция қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің көмегімен өткізеді. Қала тұрғындарымен кездесулерден басқа, базарлар мен басқа да жерлерде тексерулер жүргізілуде, дәл сол жерлерде қаскүнемдер ұрланған мүлікті жиі сатады. Жыл басынан бері облыс орталығының аумағында 35 велосипед ұрлығы тіркелді. Оның 17-сі әлі ашылмаған. Қала тұрғындары мен қонақтарына өз мүлкінің сақталуына мән беруді, ұрлық жасалған жағдайда дереу полицияға хабарласуды ұсынамыз, – дейді Петропавл қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.