Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 4500-ден астам жүргізуші белгіленген жылдамдық режимін асырған

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 4500-ден астам жүргізуші белгіленген жылдамдық режимін асырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе полицейлері жол қозғалысын қадағалауды күшейтіп, күн сайын республикалық маңызы бар автожолдарда рейдтік шаралар жүргізуде. Тәртіп сақшыларының назары мас күйінде көлік құралын басқару, жылдамдықты арттыру, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу сияқты жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының полицейлері республикалық жолдарда 12 мың ЖҚЕ бұзушылықты анықтады. Облыс аумағында 217 жүргізуші көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесіп, 1207-і маневр жасау ережелерін бұзған. Сонымен қатар 900-ге жуық жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, 285-і жолдарда апаттық жағдай туғызған және 4500-ден астам жүргізуші белгіленген жылдамдық режимін асырған. Сондай-ақ мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 79 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, 25 шілде күні сағат 16.00-де Ақтөбе – Астрахань автожолының 45-шақырымында полиция қызметкерлері Алға қаласының 37 жастағы тұрғынының басқаруындағы ВАЗ-2109 автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын “жеңіл дəрежедегі” мас күйінде басқарғаны анықталды.

Осы факті бойынша құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру