Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық тұрғынның үйіне ұрлыққа түсіп, 2,5 млн теңге материалдық шығын келтірген азамат құрықталды

Елордалық тұрғынның үйіне ұрлыққа түсіп, 2,5 млн теңге материалдық шығын келтірген азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2022 жылы тұрғын үй аумағына кіріп, мүлік ұрлаумен айналысқан 31 жастағы ер адамды анықтады.

Тергеу барысында күдікті түнгі уақытта Шұбар көшесінің бойымен келе жатып, үйлердің бірінің құлпысыз тұрғанын байқағаны анықталды. Сөйтіп, ол үй-жайға кіріп, білдіртпестен, үй иесіне тиесілі iPhone, Samsung, Ultra маркалы 3 ұялы телефон мен алтын бұйымдарды ұрлап, «ізін суытқан».

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұрлыққа қатысы бар адам Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Айғақты заттардан тек алтын бұйымдар тәркіленсе, қалған мүлікті құқық бұзушы өз қалауы бойынша кәдеге жаратқаны белгілі болды.

Астана қаласы ПД қызметкерлері құнды заттар мен табыс кірістері туралы ақпаратты жақын туысы болса да ешкімге айтпауға және білдіртпеуге кеңес береді. Өз кезегінде оларда құнды заттың жоғалуына себепкер болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру