Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері Абай күніне орай ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның жеке құрамы Абай күніне орай ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының полицейлері Абай күнін атап өтуден қалыс қалмады. Олар мерекелік іс-шараны Семей қаласындағы ұлы жазушыға арналған ескерткіштің жанында өткізді.

Хәкім Абайға құрмет көрсету мақсатында полиция қызметкерлері ескерткіш маңына гүл шоқтарын қойып, Абай Құнанбаевтың қара сөздерін оқыды.

Тәрбие бөлімінің бастығы Асхат Керімханов ақынның «Көзімнің қарасы» шығармасын орындады.

– Біз, қазіргі ұрпақ Ұлы ақынның баға жетпес мұрасын мақтан тұтамыз. Осы орайда Абай күнін атап өтуге ақынның ескерткішіне келдік. Мен ұлы ақынның әндерін айтқанды ұнатамын, оларда өмірдің барлық ақиқаты мен өмірдің шын бағасы бар, – дейді Асхат Керімханов.

– «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін
Көкірегі сезімді тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін», – деп өзі әр сөзін өсиет етіп тастаған ғұламаның үлгі өнегесін біздер келешек ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз, – дейді мекеме қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру