Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық полицейлер жұмыс орнынан PlayStation құрылғысын ұрлаған қызметкерді анықтады

Астаналық полицейлер жұмыс орнынан PlayStation құрылғысын ұрлаған қызметкерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы Нұра ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне 40 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, ойын клубтарының бірінде белгісіз біреу 6 дана PlayStation ойын құралы бөлшегін (приставка) ұрлап кеткендігін, одан келтірілген материалдық шығын 2,7 млн теңгені құрағанын түсіндірген.

Жедел іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады. Белгілі болғандай, күдікті сол клубтың 25 жастағы қызметкері болып шықты.

Аталған клубта жаз маусымы басталғалы еңбек етіп жүрген жас жігіттің бейнебақылау камераларының істен шыққан сәтін пайдаланып, қылмыс жасауға бел буғаны белгілі болды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Алған заттай айғақтарды ломбардқа тапсырып, ақшаны өз қалауы бойынша жұмсағанын да жасырған жоқ. Оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Полиция департаменті сізге қатысты қылмыс жасалса дереу құқық қорғау органдарына хабарласуды, оны өз бетіңізше анықтауға тырыспауды ескертеді. Қылмыс туралы неғұрлым тез хабарланса, ұрланған мүлікті жедел табу мүмкіндігі соғұрлым тиімді болатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру