Түркістанда танысының атына несие рәсімдеген күдікті анықталды
Түркістанда танысының атына несие рәсімдеген күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып, шағым түсірді. Зардап шегуші ер адам телефонына қарызды төлеу туралы банктен хабарлама келгенін, алайда өзінің ешқандай несие алмағанын жеткізді. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 700 мың теңгеге жуық.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
Полицейлер алаяқтық қылмысын анықтау мақсатында қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 2 сағат ішінде күдіктінің кім екенін анықтады. Ол жәбірленушінің досының әйелі болып шықты.
Тергеу барысында анықталғандай, достарымен бас қосқан сәтте жәбірленушіден досының әйелі телефонын уақытша ақша аудару үшін сұрап, оның банк қосымшасы арқылы заттай 700 мың теңгеге несие рәсімдеген. Қазіргі таңда күдікке ілінген әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.