Қазығұрт полицейлері мен медицина қызметкерлері жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырды
Қазығұрт полицейлері мен медицина қызметкерлері жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт ауданында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында патрульдік полиция тобының қызметкерлері мен Қазығұрт ауданының жедел жәрдем қызметкерлері жүргізушілерге медициналық көмек көрсете отырып, жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Полицейлер жүргізушілерге іс-шараның мақсаты туралы айтып, азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі, белгіленген қозғалыс жылдамдығы, көлік басқарар алдында демалу қажеттілігі туралы түсіндірді. Одан бөлек, жүргізуші азаматтарға жолда көлік басқарған кезде жылдамдықты шектен тыс асырмауға, автокөлік жүргізіп бара жатып телефонмен сөйлеспеуге, жол жиегіне қойылған белгілерді қатаң сақтауға, ішімдік ішкен күйде көлік тізгіндемеуге кеңес берді.
Жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері жүргізуші азаматтарға тыныс алу көрсеткіші мен қан қысымдарын өлшеп, медициналық көмек көрсетті.