Жетісу облысында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің екі дерегі тіркелді
Жетісу облысында құрамында есірткі бар өсімдіктердізаңсыз өсірудің екі дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған екі дерек Алакөл ауданында тіркелді. Онда полиция қызметкерлері «Қарасора – 2023» профилактикалық іс-шарасы аясында екі жеке тұрғын үйді анықтады. Олардың иелері марихуана өсірді деген күдікке ілінді.
Бұлақты ауылында 44 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, оның жеке тұрғын үй учаскесінде қарасораның 60 бұтасы табылды. Сондай-ақ сол ауылдағы жеке үйлердің бірінде полицейлер 73 марихуана бұтасы өсірілген плантацияны анықтады. Оған 43 жастағы ер адам күтім жасаған.
– Қазір екі факті бойынша да ҚР ҚК-нің 300-бабында (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілердің екеуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды, – деді Алакөл ауданының полиция бөлімі.