Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полицейлер оқушылармен нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу өткізді

Жетісу облысында оқушылар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр. Осы мақсатта №26 орта мектепте оқушылармен профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара Жетісу облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға есірткі заттарының зияны, оның адам денсаулығы мен өміріне тигізетін кері әсері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар кинология орталығының қызметкерлері иісшіл иттердің көмегімен есірткі заттарын анықтау тәсілдерін көрсетіп, арнайы көрініс ұйымдастырды. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттырып, полиция қызметінің осы бағыттағы жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруда, зиянды әдеттердің алдын алуда және салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды рөл атқарады.

Полицейлер жастарды өз болашағына жауапкершілікпен қарап, денсаулықты сақтауға және дұрыс өмірлік таңдау жасауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру