Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында арзан бағада жанармай алғысы келген азаматтар алаяққа алданды

Абай облысында арзан бағада жанармай алғысы келген азаматтар алаяққа алданып, ақшаларынан айырылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының полицейлері «Hi Tech» ЖПІШ аясында көліктеріне арзан жанармай іздеп жүрген автокөлік жүргізушілеріне оңай ақша тапқысы келетін алаяқтардан сақтану туралы ескертеді.

Абай облысында алты азамат өзін кәсіпорындардың бірінің қызметкері немесе арақ-шарап зауытының экспедиторы ретінде таныстырып, аңқау автокөлік жүргізушілеріне литріне 260 теңге бағамен дизель отынын ұсынған белгісіз жас жігітке қатысты полицияға жүгінді.

Жасалған мәміледен кейін азаматтар автомобильге жанармай құю станциясында талонның жалған екенін түсінген. Ал жас жігіт алаяқтықпен миллион теңгеден астам соманы қалтасына басқан.

Қазір 31 жастағы күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру