Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғыны жаяу жүргіншілер жолынан тыс жерден өткен жеткіншекті қағып кетті

Ақмола тұрғыны жаяу жүргіншілер жолынан тыс жерден өткен жеткіншекті қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 тамыз сағат 11:04-те Көкшетау қаласы полиция басқармасының ЖБО-ның қырағы инспекторлары бейнебақылау камерасы арқылы Пушкин көшесіндегі №6-үйге қарама-қарсы Бамбино дүкенінің жанында автокөлік кәмелетке толмаған баланы қағып кеткенін байқаған. Олар бұл ақпаратты дереу осы ауданды күзететін полицейлерге берген.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары СҚО-ның 32 жастағы тұрғыны Toyota Land Cruiser көлігімен жолдан белгісіз жерде өтіп бара жатқан 16 жастағы жасөспірімді қағып кеткенін анықтаған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеткіншек жергілікті облыстық балалар ауруханасына “Оң жақ бұғанасының жабық сынуы, аяқ жіліншігінің орнынан қозғалуымен ашық сынуы” диагнозымен жеткізілді.

Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру