Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 78 адам ІІО есебіне алынды

Ақтөбе облысында 78 адам ІІО есебіне алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.14 тамыз бен 30 қыркүйекке дейін облыс аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. 

Шараның төрт күнінің ішінде учаскелік полиция инспекторлары жалдамалы пәтерлерді тексеруді жүзеге асырып, салық органдарында тіркеусіз жалға берілген 26 пәтерді анықтады. Барлық фактілер бойынша салық басқармасына хабарламалар жолданды. Тұрғылықты жері жоқ 3 адам ұсталды.

Барлығы 580-нен астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені және мас күйінде жүргені үшін – 115 және ұсақ бұзақылық үшін 53 адам анықталды. ІІО есебінде тұрған 1400-ден астам адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді. 100-ден астам адам, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген 78-ге жуық адам ІІО есебіне қойылды.

Сонымен қатар қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 9 қару иесі жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан бір бірлік қару алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру