Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудныйлық полицей су қоймасының көпірінен секірмек болған қызды құтқарып қалды

Рудныйда полиция қызметкері Сергеев су қоймасының көпірінен секірмек болған қызды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18-19 тамыз аралығында Рудный қаласының мамандандырылған қызмет басқармасының қызметкері Мәлік Молдашов кезекшілікте болған. Сағат 21:30 шамасында полиция қызметкері бейнебақылау камерасынан Сергеев кентінен көпірге қарай бет алған қызды көрген. Күзет бекеті ауылдан шыға берісте орналасқан. Қыздан жылап бара жатқанын көріп, полиция қызметкері бірден оған барып: «Көмек керек емес пе?» деп сұраған. Қыз оны жалғыз қалдыруды өтініп, бәрі жақсы екенін айтқан. Бірақ Мәлік Молдашов оның артынан еріп жүруге шешім қабылдаған.

Қыз ауылдан үш шақырым жерде орналасқан Рудный қаласына қарай бет алған. Қыз биіктігі шамамен 10 метр болатын Сергеев су қоймасының көпірінен өтіп бара жатқанда, көпір қоршауына тұруға тырысып, секіргісі келген. Осы уақытта Мәлік оны тоқтатып, тәртіп сақшыларын шақырып, қызды Рудный қаласының полиция бөліміне апарған.

Полиция психологтары бірден көпірден секірмек болған қызбен әңгімелесу жұмыстарын жүргізген, азамат өзінің жеке проблемаларын барын айтқан. Қазіргі уақытта қыз өз-өзіне келген. Малік Молдашов адамның жағдайын сыртқы белгілерден көру маңызды екенін атап өтіп, мұндай білім полиция қызметкеріне қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектескенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру