Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда екі мас жүргізуші жауапқа тартылды

Жезқазғанда екі мас жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезқазғандық полицейлер жол қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету барысында 18 тамызда қала көшелерінің бірінен Audi автокөлігін тоқтатқан. Полиция қызметкерлері жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында көлік тізгінін ұстаған азаматтың мас күйде екеніне күдіктенген. Медициналық сараптаманың қорытындысы сәйкес, 40 жастағы жүргізушінің масаң күйде екені расталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен масаң күйде көлік басқарған жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, автокөлік айыптұраққа қойылды.

Дәл сол түні сағат 00:20 шамасында патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен Mercedes-Benz автокөлігін масаң күйде тізгіндеген 31 жастағы қала тұрғыны анықталды. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жүргізушінің масаң күйде екені анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Соттың шешімімен масаң күйде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру