Жетісу полицейлері балалар лагерінде есірткіге қарсы іс-шара ұйымдастырды
Жетісу полицейлері балалар лагерінде есірткіге қарсы іс-шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу полицейлері Ескелді ауданындағы әріптестерімен бірлесіп оқушылар арасында есірткіге қарсы тақырыпта конкурстар, викториналар, спорттық іс-шара мен би флешмобтарын өткізуге бастамашылық етті.
– ҚР ІІМ-нің нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында ауқымды іс-шара өткізілді. Конкурс бірнеше кезеңнен тұрды. Балалар зияткерлік ойындарға қатысып, нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттайтын слогандар құрастырып, түрлі спорт түрлерінен бақ сынады, – деді Жетісу облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Мұрат Жұмабаев.
Байқау қорытындысы бойынша, жеңімпаздарға жүлделер мен бағалы естелік сыйлықтар табысталған.