Абай облысында екі көлік соғылып, бір жүргізуші қайтыс болды
Абай облысында екі көлік соғылып, салдарынан жүргізуші қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бородулиха ауданындағы Семей – РФ трассасының 37 км-де Daewoo Espero автокөлік құралын басқарған 24 жастағы жүргізуші 26 жастағы азамат тізгіндеген Toyota camry көлігіне соғылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota camry көлігін басқарған азамат сол жерде қайтыс болды. Оның екі баласы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне (Адам денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіруге әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.