Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынды

Ақтөбе облысының 55 жастағы тұрғыны ұсақ бұзақылық үшін 8 тәулік мерзімге қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 тамызда Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөліміне белгісіз тұлғаның темір жол станциясы паркінде орналасқан бекеттің терезесін сындырып кеткені жайлы хабарлама келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік полицейлері Ақтөбе облысының 55 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Мұғалжар аудандық сотының шешімімен оған қатысты 8 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі жаза қолдану туралы қаулы шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру