Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ПД бастығының бірінші орынбасары мегаполистегі мектептерді аралады

Шымкентте ПД бастығының бірінші орынбасары мегаполистегі мектептерді аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ермахан Абдраманов шаһардағы оқу ордаларын аралап, балалардың қауіпсіздігіне көз жеткізді. Яғни, мектептерде орнатылған бейнекамералар мен «SOS» батырмаларын тексеріп, әр білім ошағына бекітілген полиция инспекторларына өз жұмысына мұқият болуды ескертті.

Айта кетейік, Ермахан Абдраманов қаладағы оқушы саны ең көп тіркелген №1 және №50 мектептерге барды. Олардың әрқайсысында 4 мыңнан астам бала білім алуда.

– Құрметті, шымкенттіктер! Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күні мерекесімен құттықтаймыз. Жаңа оқу жылының басталуына орай қаламыздағы 151 мектепке ювеналды полиция инспекторлары бекітілді. Әріптестеріміз балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде күшейтілген күн тәртібінде жұмыс атқарып жатыр. Сондай-ақ ата-аналар мен мұғалімдерден бастауыш сынып оқушылары мен жасөспірімдерге жолда жүру ережесін мұқият сақтауды үнемі ескертіп жүрсеңіздер екен деп сұраймыз. Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан олардың өмірі үшін барлығымыз жауапты екенімізді ұмытпайық, – деді Ермахан Абдраманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру