Білім күні: Маңғыстауда 500-ге жуық полицей қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті
Білім күнінде Маңғыстауда 500-ге жуық полицей қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қыркүйек – жаңа оқу жылының басталуына байланысты жалпы білім беретін ұйымдарда Алғашқы қоңырау салтанатты іс-шаралары ұйымдастырылды. Осы ретте облыстық ПД жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне көшіп, ПД бастығының бірінші орынбасары Б.Ақшауовтың қатысуымен таңғы саптық жиын өткізілді.
Ақтау қаласы бойынша қоғамдық қауіпсіздік пен жол тәртібін қадағалау мақсатында 500-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Сондай-ақ мектептерге жақын орналасқан 30 автопатруль жасақтары жолдағы жағдайды бақылауда ұстап, жаяу жүргінші өтпелдеріне жол сақшылары қойылды.
Балалардың қауіпсіз жүріп-тұруы басты назарда болғандықтан, тәртіп сақшылары дәстүрлі түрде жасөспірімдердің құқықтық білімдерін нығайту үшін дәрістер өткізіп, балаларға жарыққайтарғыш ленталарын таратты.
Жаңа оқу жылының алғашқы күні ешқандай оқыс оқиғасыз, сәтті өткізіліп, мектеп оқушыларымен құқық бұзушылықтар болған жоқ.