Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полицейлері оқушыларға арнап жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастырды

Жетісу облысының полицейлері оқушыларға арнап жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың нұсқауын орындау мақсатында Жетісу полицейлері (ПД тергеу бөлімшелерінің, анықтау, жергілікті полиция қызметінің және  есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері) облыстағы 334 мектепте жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған нормаларды қамтитын қолданыстағы заңнаманың талаптарын түсіндіру.

Акция аясында Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінде Жетісу облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Мақсат Ережепов оқушыларға толыққанды сабақ өткізді.

– Полицейлер аймақтағы әрбір оқу орнына барып, ашық сабақтар өткізді. Оқушыларға кибербуллингтің құрбаны болмау, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігі, есірткіні қолданудың зияндылығы, ҚР жол қозғалысы ережелерін сақтау, қиын жағдайларда қалай әрекет ету керектігі жайында түсіндірдік. Сабақ барысында полиция қызметіне қатысты және Қазақстан заңнамасындағы жекелеген өзгерістер туралы сұрақтарға жауап беріп, мектеп оқушыларының назарына қылмыстық жауапкершіліктің қай жастан басталатынын айтып жеткіздік. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларына ішкі істер органдарының, ведомстволық жоғары оқу орындарының тәртібі түсіндірілді, –  деді Мақсат Ережепов.

Жастар полицейлердің дәрістерін үлкен қызығушылықпен қабылдағанын ведомствода атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру