Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда есірткі сатып пайда таппақ болған өзге облыс тұрғындары 10 жылға сотталды

Атырауда есірткі сатып пайда таппақ болған өзге облыс тұрғындары 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлері қаңтар айы кезінде Атырау қаласы аумағында интернет желісі арқылы және жасырын қойып кету арқылы синтетикалық есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сатумен айналысып жүрген Тараз қаласының 29, 22, 19 жастағы төрт тұрғыны анықтаған болатын.

Тексеру жұмыстары кезінде 1 келіден астам синтетикалық есірткі заты анықталып, тәркіленді.

Медициналық экспертиза қорытындысы бойынша 655,0623 грамм Альфа-PVP, 482,6133 грамм мефедрон синтетикалық есірткісі екені расталды. Осылайша аталған күдіктілердің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі толық дәлелденіп, интернет-ресурстарды пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сатып алумен және сақтаумен айналысқандары анықталды.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу әрекеті жүргізіліп, сот шешімімен Тараз қаласының төрт тұрғыны 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру