Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкен құрған азамат құрықталды

Оралда есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкен құрған азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қыркүйек күні «Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында БҚО ПД есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенді құрып, сатқаны үшін Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Оның пәтерінен 70 зип-пакет, 13 ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті өсімдік салынған пакет табылды. 

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың салмағы 2 келіден асатын марихуана екені белгілі болды. Сондай-ақ оқиға орнынан магниттер, ұсақтағыш, таразы, скотч, фольга, қайшы және компьютердің жүйелі блогы тәркіленіп алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл фактіге қатысты басқа тұлғаларды анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру