Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісулық тұрғынның ауласынан марихуананың 100-ге жуық бұтасы тәркіленді

Жетісулық тұрғынның ауласынан марихуананың 100-ге жуық бұтасы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз егіп-өсірді деген күдікпен 49 жастағы ер адам ұсталды. Текелі қаласының полиция қызметкерлері күдіктінің ауласынан жалпы салмағы 23,5 келі болатын 98 марихуана бұтасын тауып, түп тамырымен жойып тастады.

– Ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша кептіруге арналған марихуана, сондай-ақ дозаларға бөлінген, қолдануға дайын, бірнеше қағаз пакет табылды.

Факті бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 300-бабына (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес жүргізіліп жатыр, – деді Текелі қаласы ПБ бастығының орынбасары Ерлан Кикимов.

Жыл басынан бері Жетісу өңірінде заңсыз айналымнан 184 келіден астам түрлі есірткі тәркіленді. 16 есірткі егістігі анықталып, 16 есірткі сатушы ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру