Шымкентте онлайн-сатылымға қойылған техниканы алаяқ тегін алған
Шымкентте онлайн-сатылымға қойылған техниканы алаяқ тегін алған, – деп хабарайды Polisia.kz.
Алаяқтың құрбандары OLX сайтында өздерінің пайдаланылған ноутбуктері мен үстелдік компьютерлерін сату туралы хабарландыру жариялаған жергілікті тұрғындар болып шықты. Жәбірленушілер Тұран АПБ-ға бір адамға қатысты арызданған.
24 жастағы тұтынушы тауарды сатып алу кезінде, мүлік иесін келесі күні ақшалай аударым жасаймын деп сендірген. Сондай-ақ, күдікті өзінің жеке құжаттарын жіберіп, сатушыларда күмән қалдырмаған.
Уәде етілген күні қала тұрғындарына ер адамнан ешқандай ақша түспегендіктен , оқиғаны тәртіп сақшыларына хабарлауды ұйғарған. Бес жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 2 миллион теңгеден астам.
Полиция қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ол компьютерлік техникаларды ломбардқа өткізіп, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды. Қазіргі таңда оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.