Қырғызстан азаматына ұшақ бортында темекі шеккені үшін айыппұл салынды
Қырғызстан азаматына ұшақ бортында темекі шеккені үшін 172 500 теңге көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 қыркүйекте Алматы – Атырау әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Атырау қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне Air Astana әуеқомпаниясы өкілінің актісі бойынша құқық бұзушы берілді. Тексеру барысында полицейлер әуе кемесінің бортында темекі шеккен 30 жастағы Қырғызстан азаматын анықтады.
Шетелдік азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1,2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған 50 АЕК (172 500 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.
Естеріңізге сала кетейік, ұшақ бортында темекі шегуге тыйым салынады және бұл 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылады.