Оралда елде заңсыз жүрген шетел азаматтары анықталды
Оралда елде заңсыз жүрген шетел азаматтары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қыркүйек күні Орал қалалық ПБ Абай полиция бөлімі қызметкерлері мүдделі қызмет иелерімен бірге қонақүйлерді тексеру барысында Үндістан елінің 6 азаматын және Пәкістан Республикасының 3 азаматын анықтады.
Тексеру барысында Үндістан елінің екі азаматының Қазақстан елінде болу уақытының аяқталғаны анықталып, осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Пәкістан Республикасының үш азаматын тексеру кезінде Қазақстан Республикасына кіру құжаттарының жоқ екені анықталды.
Оған қатысты ҚР ҚК-нің 392-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.