Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полициясында өткен ашық есік күніне 200-ден астам адам қатысты

СҚО полициясында өткен ашық есік күніне 200-ден астам адам қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер облыстық полиция департаменті ғимаратының жанында ашық есік күнін өткізді. Жоғарғы сынып оқушылары мен колледждердің студенттері полицияның автопаркімен, қару-жарақпен және арнайы техникамен танысты. Арнайы мақсаттағы жасақтардың қару-жарақ үлгілері жастар арасында ерекше қызығушылық тудырды.

Сондай-ақ қонақтар оқиға орнында ауқымды зерттеулер жүргізуге қауқарлы криминалистикалық лабораторияның жұмысын, интеллектуалдық көше қиылысының макетін қарады, полициядағы байланысқа жауап беретін қызметкерлердің рацияларын ұстап көрді. Бұдан бөлек, автоматты жылдамдық өлшеуіші бар патрульдік көлік, кинологиялық қызмет орталығының, медициналық бөлімнің автокөліктері қойылды.


Жасөспірімдер мен кішкентай бүлдіршіндер қызметтік-іздестіру иттерімен жарыса суретке түсті.

Жыл басынан төрт аяқты көмекшілер 262 қылмысты ашуға көмектесті. Заңсыз айналымнан 113 келіден астам түрлі есірткі заттары алынды. 8 айдың ішінде облыста 729 келі есірткі тәркіленді, оның ішінде 1,8 келіден астамы синтетикалық есірткі. Бұл туралы келушілер есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінен естіп білді. Олар көрмеде есірткілердің үлгілерін қойып, зияны мен салдары туралы, бөліністің жұмысы жайлы айтып берді.

Іс-шараға келген петропавлдықтар әр қызметтің өкілдеріне сұрақтарын қоя алды. Мәселен, жастарды полицияға қызметке орналасу қызықтырды. Олардың сұрақтарына СҚО ПД кадр саясаты басқармасының қызметкерлері жауап берді.

– Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіптік бейіндеу. Біздің көрмеге келушілер ведомстволық музейде өңірдің ішкі істер органдарының тарихымен, жедел басқару орталығының қауырт жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. Полицияда қызмет атқару – құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге үлесін қосқысы келетін азаматтар үшін жақсы мүмкіндік. Бүгін бізге 200-ге жуық адам келді. Олардың басым бөлігі жасөспірімдер. Ұлдар мен қыздар жақын арада болашақ мамандықтарын таңдайтын болады. Полицияға қызметке орналасуға ниет білдіргендердің барлығын Алматы 55 мекенжайындағы кадр саясаты басқармасына келуге шақырамыз. Біздің қызметкерлер жұмысқа орналасуға, ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына оқуға түсуге қатысты барлық сұрақтарға жауап беруге дайын, – дейді СҚО ПД КСБ Абылғазы Ғабдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру