Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Беларусь пен қазақстандық полицейлер күзет қызметі саласындағы озық тәжірибемен алмасты

Беларусь пен қазақстандық полицейлер күзет қызметі саласындағы озық тәжірибемен алмасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанның ІІМ-де ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Беларусь ІІМ күзет департаментінің бастығы Александр Шепелевпен кездесті.

Екі тарап мемлекеттік күзетке жататын объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, сондай-ақ күзет қызметі саласындағы озық жұмыс тәжірибесімен алмасты.

Сондай-ақ беларустық әріптестер ІІО мамандандырылған күзет бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру және олардың аумақтық полиция департаменттерімен өзара байланыста жұмыс жасау тәсілімен танысты.

Сонымен қатар қонақтарға алғашқы дайындықбойынша оқу орталығында үміткерлерді оқыту процесі көрсетілді.

– Бүгінгі кездесуді министрліктер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мен дамыту жолындағы кезекті маңызды қадам деп бағалаймын. Бұл сапар Қазақстан мен Беларусь ІІМ арасындағы қалыптасқан тығыз әріптестікті нығайтады деп сенемін. Біздің елімізде болу, күзет қызметін ұйымдастырумен танысу делегация үшін қызықты болады деп ойлаймын, – деп атап өтті Қожаев.

Сондай-ақ ол Александр Шепелевке мемлекеттік қызметте сәттілік тілеп, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін “Қазақстан полициясына 30 жыл” мерейтойлық төсбелгісімен марапаттады.

Өз кезегінде шетелдік делегация қазақстандық әріптестеріне қонақжайлылығы мен ынтымақтастыққа ашықтығы үшін алғысын білдірді.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру