Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында бас бостандығынан шектелген азамат тазалық жұмыстарын атқарып жүр

Қызылорда облысында бас бостандығынан шектелген азамат тазалық жұмыстарын атқарып жүр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуырда Т. есімді азамат ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жылына 100 сағатқа мәжбүрлі еңбек атқару міндеттелген.

Бұл азамат дүкеннен азық-түлік, арақ-шарап заттарын ұрлап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Қазіргі таңда сотталған азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органы белгілеген орында мәжбүрлі түрде күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта тазалық және көгалдандыру жұмыстарымен айналысады.

– Жаза басып, ішімдік ішіп қылмыс жасағаныма қатты өкінемін. Көше сыпырып, тазалық жұмыстарын атқарып жүрмін. Жастарға айтарым, қылмысқа бармаңдар, білім алып, оқыңдар. Жұмыс істеңдер, адал еңбекпен ақша табыңдар, қылмыстың өтеуі жаза дер едім, – деді сотталған азамат.

Жалпы, мәжбүрлі еңбек тағайындалған сотталғанның атқарған жұмыс уақытын есептеу және оны қадағалау ҚР ҚАК-нің 62-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органға жүктелген. Бүгінгі күні Жаңақорған аудандық пробация есебінде тұрған 14 сотталған азамат тұрғылықты жері бойынша сот үкімімен міндеттелген мәжбүрлі еңбегін атқарған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру