Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада құмар ойынға әуес азамат жұмыс орнынан телефон жымқырған

Елордада құмар ойынға әуес азамат жұмыс орнынан телефон жымқырып, ломбардқа өткізіп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 23 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Полицияға жеке кәсіпкер арызданып, сауда орталығынан жаңа телефондардың қолды болғанын, келтірілген шығынның көлемі 2 млн теңгеден асқанын айтқан.

Тексеру барысында белгілі болғаны, елорданың жас тұрғыны телефон сататын орталыққа жұмысқа тұрған, сонымен қатар құмар ойынға қызығушылық танытқан. Өзі жұмыс атқаратын орталықтан екі телефонды жымқырып, ломбардқа өткізіп жіберген.

Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айғақты заттар тәркіленіп алынды. Тергеу барысында азаматтың бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру