Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында саңырауқұлақ теруге шығып, жоғалып кеткен зейнеткер табылды

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері мен еріктілер саңырауқұлақ теруге шығып, жоғалып кеткен зейнеткерді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қазан күні сағат 20:00 шамасында Қарағанды облысы Топар кенттік полиция бөліміне 63 жастағы Шахтинск қаласының тұрғыны арызбен шағымданды. Азаматша арызында өзімен бірге тұратын 78 жастағы зейнеткердің жоғалып кеткендігін хабарлаған.

 Белгілі болғандай, арызданушы жоғалған азаматпен сағат күндізгі 10:00 шамасында автокөлікпен Абай ауданына саңырауқұлақ теруге шыққан. Қажетті жерді таңдаған соң олар әрқайсысы өз бетінше кеткен. Азаматшаның айтуынша, сағат 15.00 шамасында жоғалған зейнеткер көзден таса болған. Осыдан кейін оны азаматша танысы екеуі өз бетінше іздеп таба алмаған соң полицияға арызданған.

 Зейнеткердің жоғалғаны туралы ақпарат полицияға келісімен, бірден кең ауқымды іздеу жұмыстары жүргізілді. Іздеу жұмыстарына Абай аудандық полиция басқармасының жеке құрамы, Шахтинск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері, еріктілер, кинолог мамандары және Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына кеш түсіп кетуі кедергі жасады. Алайда бірлескен жұмыстың нәтижесінде зейнеткер дін аман табылды.

– Әкем саңырауқұлақ теріп жүріп жоғалып кетті. Алайда іздеуге қатысқан барша азаматтардың арқасында аман-есен табылды. Әкемде бәрі жақсы. Полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлеріне, еріктілерге әкемді іздеуге қатысқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін, – деді зейнеткердің қызы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру