Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада жасөспірімдер бөтен көлікті ұрлап, қала көшелерінде қыдырған

Елордада жасөспірімдер бөтен көлікті ұрлап, қала көшелерінде қыдырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 жастағы кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің төрт ұрлық оқиғасына қатыстылығы анықталды. Олар көбінесе ВАЗ автокөліктерін ұрлаған.

Түнгі уақытта олар тұрғын үйдің жанында есіктері ашық, кілтімен оталуға дайын тұрған Lada 21705 көлігін көрген. Жасөспірімдер ештеңе ойламастан жолға шығуға бел буып, рөлге отырып, құны 3 миллион теңгеден асатын көлікпен көше аралап жүріп кеткені белгілі болған.

Жәбірленушіден жедел қоңырау түскен сәттен қалалық тәртіп сашылары бірден ұстау жоспарын еңгізіп, ұрланған көлікті іздеуге жұмылдырылған. Сағат 03:20 шамасында М.Төлебаев пен Б.Момышұлы көшелерінің қиылысында жасөспірімдер мінген көлікті патрульдік полиция бригадасы байқап қалған. Полиция қызметкерлерінің талабын елемеген кәмелетке толмағандар жылдамдықты арттырып, көлікпен қашпақ болған. Көп ұзамай көлікті тоқтатып, оны тастай қашқан олар, тәртіп сақшыларының қолына түскен.

Тергеу барысында жасөспірімдердің сыныптас екені және қалалық мектептің 7-сыныбында оқитыны анықталды.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісімен ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандар кінәсін мойындап, кепілдікке ата-аналарына тапсырылды.

Ұрланған Lada 21705 автокөлігінің иесі елордалық полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне жедел іс-әрекеттері мен көлігінің жедел табылғаны үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру