Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанадағы тұрғын үй кешенінен өрт сөндіру түтіктері қолды болған

Астанадағы тұрғын үй кешенінен өрт сөндіру түтіктері қолды болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 жастағы елорда тұрғыны түнгі уақытта тұрғын үй кешенінде сақталған өрт сөндіру түтіктерін жымқырғаны белгілі болды. Атап айтсақ Нұра ауданы ПБ полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікке ілінген азаматты анықтаған.

Тергеушілердің мәліметінше, күдіктінің құны шамамен 700 мың теңге тұратын 37-ден астам өрт сөндіру түтігін ұрлауға қатысы бар болған. Айтуынша, ол өрт сөндіргіш заттарды базарға шығарып, сатуды жоспарлаған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру