Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полицейлеріне 15 қызметтік автокөліктің кілті табысталды

Маңғыстау полицейлеріне 15 қызметтік автокөліктің кілті табысталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен полицияға қызметтік автокөліктер берілді. Облыстық ПД бастығы Аян Дуйсембаев патрульдік полиция батальоны мен ротасының қызметкерлеріне, сондай-ақ Маңғыстау облысы аудандарының учаскелік полиция инспекторларына қызметтік автокөліктердің кілттерін табыс етті.

15 автокөліктің барлығы патрульдеу үшін барлық құрылғылармен жабдықталған.

Патрульдік автомобильдер санының артуы жолдардағы қауіпсіздікті арттыруда оң нәтиже береді деп үміттенеміз. Ең бастысы - азаматтардың амандығы мен қоғамымыздың тыныштығы, - деп атап өтті облыстың бас полицейі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру