Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Бір-біріне тас, шөлмек лақтырған»: Ақтаулық полицейлер бұзақылық жасаған 76 тұлғаны құрықтады

«Бір-біріне тас, шөлмек лақтырған»: Ақтаулық полицейлер бұзақылық жасаған 76 тұлғаны құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласы 27 шағын ауданымен 28 шағын ауданы ортасындағы тас жол бойында бір топ жасөспірім балалар бұзақылық құқықбұзушылық әрекеттерін жасап, бір біріне тас, шөлмек бөтелкелер лақтырып төбелесіп жүрген бейнеролигі тарады.

Оқиға орнына полиция қызметкерлерінің жасағы барып, Ақтау қаласы полиция басқармасына 15-18 жас аралығындағы 76 тұлға жеткізілді.

56-на кәмелетке толмағандардың ата-анасына қарсы ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталып, жауапқа тартылды.

Сондай-ақ ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, 6 жасөспірім бұлтартпау шарасы қолдану арқылы қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру