Шымкент полицейлері шетелдік студенттермен кездесу өткізді
Шымкент полицейлері шетелдік студенттермен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиынға Оңтүстік Қазақстан медициналық университетінде оқитын 200-ден астам шетелдік білімгер қатысты.
Көші-қон қызметі басқармасының ұйымдастыруымен өткен кездесуде шетелдік студенттердің Қазақстан Республикасына кіру-шығу, оқу визасын алу және тіркеу тәртіп ережелері түсіндірілді.
Сондай-ақ КҚҚБ-ның бөлім бастығы Жәнібек Мырзалиев пен Әл-Фараби АПБ-ның аға инспекторы Сәбитбек Мақұлбек 4-курс студенттеріне еліміздегі тәртіп ережелерін, заң мен жауапкершілік туралы мұқият түсіндірді.
Бұған қоса, азаматтарға алаяқтардан, оның ішінде интернет-алаяқтардан сақ болуды қатаң ескертті. Шетел азаматтары тәртіп сақшыларына бірқатар сауалдар қойып, тиянақты жауап алды. Айта кету керек, іс-шараға арнайы аудармашы мамандар мен оқу ордасының ректоры және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысты.