Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер студенттерге түсіндірме жұмыстарын өткізді

Атыраулық полицейлер студенттерге түсіндірме жұмыстарын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы “Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары” негізінде есірткіні тұтынудың алдын алудың өзекті және проблемалық мәселелері бойынша педагогтармен, психологтармен, педиатрлармен, ата-аналармен семинар-кеңестер мен дәрістер өткізу жоспарланған. Осы орайда, 31 қазан күні Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Роман Ермұханов және аға жедел уәкілі Марьяна Джангалиева Атырау сервис, Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттеріне нашақорлықтың алдын-алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында жасөспірімдер есірткінің зияны туралы ақпараттар дайындап, өз ойларымен бөлісті.

– Бүгінде нашақорлық бүкіл әлемде белең алған, қоғам дерті. Есірткі заттарын әуелі қызығушылық үшін қолданатындар көп. Бұған ғаламтордағы ақпараттың ашықтығы, топтық психология, еліктеушіліктің ықпалы орасан зор. Біз өздеріңізбен жауапты сала қызметкерлерімен бірлесе отыра, кездесулер, акциялар тіпті, спорттық сайыстар ұйымдастырып тұрамыз. Басты мақсат – салауатты өмір салтын ұстанып, жат қылықтардан аулақ болуға шықырамыз, – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Роман Ермұханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру