Қызылорда облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Ілияс Жұмағұлов халық алдында есеп берді
Қызылорда облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Ілияс Жұмағұлов халық алдында есеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында заңдылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау мемлекеттің ұдайы назарында екендігін мәлімдеп, тәртіп сақшыларына азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуді міндеттеді.
Осы ретте, тәртіп сақшылары Мемлекет басшысымен алға қойған міндеттердің сапалы орындалуына, елімізде заң үстемділігі мен әділдікті сақтауда нақты нәтижелерге қол жеткізу жолында барлық шараларды қабылдайды.
Сонымен қатар Жолдауда ел келешегі балалардың қауіпсіздігі мәселесіне басты назар аударылды. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, жас ұрпақтың қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету – мемлекет, мектеп, ата-ана мен қоғамның басты міндеті.
– Біріншіден, балалардың жолда жүру қауіпсіздігі мәселесіне тоқталғым келеді. Бүгінде әр мектептің алдында жылдамдықты шектеу белгілерін, жаяу жүргіншілер өткелдерін көруге болады. Мұғалімдермен бірлесе тұрақты түрде жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша дәрістер жүргізіліп жатыр. Сіздерге жол ережелерді өзіңіз сақтап қана қоймай, жастарға да үйрету керегін назарыңызға саламыз.
Тағы бір мәселе көшеде, үйде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері. Көбінесе балалардың қауіпсіздіктің негізгі ережелерін білмеуі қылмыстың құрбанына айналдырады. Бейтаныс адамдармен араласпау, бейтаныс көлікке отырмау, кешке дейін далада жүрмеу, ата-аналар баласының достарының нөмірлерін білуі қажет. Қауіпсіз жағдайға ұшырасаңыз “102” нөмірі бойынша полицияға қоңырау шалыңыз. Одан бөлек, “102” мобильді қосымшасы арқылы дереу полицияға шығу мүмкіндігі бар.
Мектеп оқушылары арасындағы қорқытушылық ерекше назар аударуды қажет етеді. Мұндай әрекеттер жәбірленушіге ауыр психологиялық жарақат әкеледі. Бұл ретте кез келген заңға қайшы әрекет жасаған тұлға жауапкершілікке тартылатынын түсіну қажет. Қолданыстағы заңға сәйкес 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ауыр санатын жасаған болса 14 жастан басталады. 16 жасқа дейін жасөспірімнің іс-әрекетіне ата-ана жауапты екенін ескертеміз.