Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ер адам танысына пәтер алуға көмектесемін деп жалған уәде берген

Астанада ер адам танысына пәтер алуға көмектесемін деп жалған уәде берген, –  деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам Мұхамедханов көшесінде қала тұрғынының сеніміне кіріп, алаяқтықпен қаражатын иемденген. Ол туралы полицияға арыз түсті.

Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 48 жастағы ер адамды анықтады.

Жәбірленуші ер азаматпен бұрын танысып, ипотека бойынша пәтер сатып алуға көмектесуге уәде бергені анықталды. Жәбірленуші оған сыйақы үшін 500 мың теңге берген. Кейін ол уәдесін орындамақ түгілі телефонын көтермей, жәбірленушімен байланысқа  шығудан бас  тартқан.

Тергеу барысында белгілі болғаны, қолға түскен азамат өткен жылы алаяқтық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Аталмыш  факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру