Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері алаяқтық жасаған күдіктілерді анықтады

Астана полицейлері алаяқтық жасаған күдіктілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астаналық бойжеткен жалға алған ойын приставкасын иесіне қайтармай қойған

Байқоңыр ауданының бірден екі тұрғыны полицияға арызданып, белгісіз азаматшаның ойын приставкасын жалға алып, кейін байланысқа шықпай қойғанын айтқан. Қала тұрғынынан Sony Playstation ойын приставкасын алып, 500 мың теңге, екінші арызданушыға осы тәсілмен 300 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр ауданы ПД криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 28 жастағы әйелді анықтады. Ол өз ісін мойындады.

Сондай-ай алаяқтық қылмысы туралы полицияға тағы бір қала тұрғыны арызданған.

Елорда тұрғыны ақшасын бейтаныс ер адам алдаумен алып қойғанын айтып, полицияға арызданған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Hyundai Accent автокөлігін жалға беремін деген желеумен алдын ала төлем ретінде ақша алып, із-түссіз жоғалып кеткен 40 жастағы қала тұрғынын анықтаған.

Әйел адам уәде етілген көлікті жалдау тапсырысы орындалмаған соң полицияға хабарласқан.

Аталған екі факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру