Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД бастығы университет студенттерімен кездесті

ШҚО ПД бастығы университет студенттерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің 200-ден астам студенті заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделетіні, есірткі сатушылар мен алаяқтардың құрбанына айналмаудың негізгі қағидаттары, сондай-ақ жол тәртібі мен лудоманияның қауіптілігі туралы облыстың бас полицейінің өз аузынан естіп, білді.

– Қазіргі заманда өскелең ұрпақ тез және оңай пайда табу жолында алаяқтардың құрсауына жиі тап болады, бірақ мұндай жол қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін білген жөн. Сайып келгенде соттылық алдағы өмірінде көптеген кедергіге әкеп соқтырады. Таңдау әрқашан бар. Күш-жігерді біріктіре отырып, біз салауатты болашақ құра аламыз, – деді өңірдің бас полицейі.

Сонымен қатар кездесуде департамент мұражайының экспонаттары, нысанды киім-кешек, заманауи қару-жарақ, полицейлердің қазіргі уақытта қолданатын арнайы құралдары ұсынылды. Ал салалық басқармалардың басшылары студенттерге өз жұмыс бағыттары бойынша презентациялар көрсетті.

Ерлан Омарбеков полицияда қызмет етудің артықшылықтары туралы, құқық қорғау органдарына қалай орналасу керектігі және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы егжей-тегжейлі хабардар етіп, ЖОО-ның болашақ түлектеріне ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу перспективасын қарастыруды ұсынды.

– Жастармен үнемі диалог болуы керек, өйткені болашақ солардың қолында, және еліміздің ертеңі кандай болатыны да соларға байланысты, – деп атап өтті  полиция департаментінің бастығы.

Кездесу соңында студенттер полицейлерге қызықтырған сауалдарын қойып, оған нақты жауаптар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру