Қостанайда полиция қызметкерлері «Есірткіге жол жоқ» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді
Қостанайда полиция қызметкерлері «Есірткіге жол жоқ» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мұндай іс-шаралар оқу жылының басынан бері өңірдің барлық колледждері мен орта мектептерінде ұйымдастырылып келеді.
6 қарашада «Мирас» мәдениет сарайында 500-ден астам адам қатысқан ата-аналар жиналысы өтті.
Іс-шара барысында студенттерге есірткіге қарсы бағыттағы бейнероликтер мен фильмдер көрсетілді.
– Жыл басынан бері Қостанай облысында 270-ке жуық қылмыс анықталып, заңсыз айналымнан 340 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді. Екі студент есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкері Айгүл Ераділова.
Полицейлер мұндай құқық бұзушылықтар үшін ауыр жаза қарастырылатыны туралы ескертеді. Жиналыс барысында ата-аналар да, студенттер де белсенді диалог пен пікір алмасты.