Астанада гараждан ұрлық жасаған күдікті қолға түсті
Астанада гараждан ұрлық жасаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыарқа ауданының полиция бөліміне қала тұрғынынан арыз түсті. Анықталғандай, белгісіз азамат жәбірленушінің үйінің жанындағы гараждан жеке мүліктерін қолды қылған. Жәбірленуші таңертеңгілік уақытта үйде ұйықтап жатқан, гараж есігі ашық болған. Осы сәтті пайдаланып, көтере алғанынша электрожабдықтарды, дәнекерлеу аппаратымен қоса ұрлап кеткен.
Келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құраған.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар 38 жастағы азаматты анықтады. Оның өз танысымен бірге қолды қылған затын көтеріп бара жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Айғақты заттарды металл қабылдау орнына өткізілгені анықталды. Оның бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.