Елордалық екі тұрғын жүргізушінің ізіне түсіп, көлігіндегі 9 млн теңгесін ұрлап кеткен
Елордалық екі тұрғын жүргізушінің ізіне түсіп, көлігіндегі 9 млн теңгесін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері автомобиль ұрлығына қатысы бар екі ер адамды анықтады. Белгілі болғандай, жәбірленуші кешкі уақытта айырбастау пунктіне кіріп, онда 9 миллион теңге сомасында ақша айырбастап, борсеткасына салып қойған. Оның әрекетін екі күдікті бақылап отырған. Олардың бірі ер адам айырбастау пунктінде болған кезде, оның көлігінің дөңгелегін тесіп кеткен.
Сыртқа шыққаннан кейін ер адам ештеңені байқамай көлікке отырып, жолға шыққан. 100 метр жолдан аспай жатып көлігінің дөңгелегі тесілгенін байқаған. Жол жиегіне тоқтаған жүргізуші көлікті жаппай, тесілген дөңгелекті ауыстыра бастаған. Осы сәтті екі күдікті пайдаланып, көлікке жүгіріп барып, ақшасы бар борсетканы алып кеткен. Жүргізуші сөмкесінің жоғалғанын тек жөндеу аяқталғаннан кейін, көлігіне отырғанда ғана байқаған және полицияға қоңырау шалған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 32 жастағы екі ер адам Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар мойындау көрсетпелерін берді, елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.