Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өзбекстан азаматы Жезқазғандағы заңсыз еңбек қызметі үшін жауапқа тартылды

Өзбекстан азаматы Жезқазғандағы заңсыз еңбек қызметі үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында облыс аумағында ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 36 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Тексеру барысында Қазақстанға үш күн бұрын келгені, Жезқазған қаласының орталық көшелерінің бірінде кілттердің нұсқаларын дайындаумен айналысқаны анықталды.

Шетелдікті ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) және жұмыс берушіні ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, жыл басынан бері Ұлытау облысында полиция қызметкерлерімен заңсыз жұмыс істеген 125 шетелдік пен 36 жұмыс беруші анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру