Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 3500-ден астам отбасылық-тұрмыстық заң бұзушылық тіркелді

Павлодар облысында жыл басынан бері 3500-ден астам отбасылық-тұрмыстық заң бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәжірибе көрсеткендей, отбасындағы адамдар арасындағы туыстық қатынастарға қарамастан, дәл осы қарым-қатынас саласы әртүрлі қақтығыстарға бейім: тұрмыстық өмірдегі ұсақ құқық бұзушылықтардан бастап, өмір мен денсаулыққа қарсы қылмыстарға дейін.

– Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полицейлер үнемі рейдтік іс-шаралар өткізеді. Басқа мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр, үкіметтік емес ұйымдар да көмек көрсетіп жатыр. Жыл басынан бері құқықтық тәртіп сақшылары 3550 құқық бұзушыны жауапқа тартты, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

Мәселен «құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Тереңкөл ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды тексерді.

Рейд барысында отбасылық-тұрмыстық қатынастарды бұзғаны үшін қорғау ұйғарымы жасалған ауыл тұрғыны оны келесі күні бұзғаны анықталды. Үйге мас күйінде келіп, ер адам үйде жанжал шығарды, балағат сөздер айтты, физикалық күш қолданды.

Ауыл тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы 1-бөлігі (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша әкімшілік материал жасалды және сотқа жіберілді, оның шешімімен құқық бұзушы 10 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру